ҚМДБ Шымкент қаласы Жастар секторы және» Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығын арттыру  және «Stop bulling» жобасы аясында кездесу өткізілді.
Мақсаты: Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдәулет   Аманкелді, ҚМДБ Шымкент Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы, ОҚМПУ аға оқытушысы дін танушы, РАТТ  мүшесі Мади Бесбаев, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова және Техникалық колледжінің  студенттері қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38