Шымент қаласы, Қаратау ауданына қарасты «Жанқожа» мешітінің ұйымдастыруымен ,,Баланы бір сәт қуант “ тақырып аясында ,,Сайрам балалар“ үйіндегі 40-қа жуық балаларды ,,Фиркан сити“ ойын сауық орталығына алып келіп қуанышқа бөледі. Аталмыш іс шараға себеб болған жандарға Алла разы болсын !
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз өмірінде жетімдерге көп қарайласып, барынша қамқор болған. Жетім балаларға әке орнына әке бола білген. Жетімге қарайласудың қаншалықты сауап іс екендігін мына бір хадисініде айтып өтеді: «Кімде кім бір мұсылман жетімнің қамқорлығын өз мойнына алса, кешірілмейтін бір күнә жасамағанша, Алла оны жәннатқа кіргізеді» (Тирмизи риуаяты).

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38