Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданы  «Қождан ата» мешітінде дін мен дәстүр бағытына сәйкес Бесіктің  қадір-қасиеті» атты рухани семинар өтті. Шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Бибісара ана» мешітінің имамы Самат Анарбаев,   Әль-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінің имамы Ахметжан Керімбек, «Әжелер» мектебінің мүшелері  қатысып, дін мен дәстүрге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Шара барысында шәкірттер дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы презентация қойып,  шариғатта салт-дәстүрдің орнын түсіндіріп берді.          Екінші кезекте қазақтың ұмытылып бара жатқан «жаппа»,»  қарын бүрме»,  «қымыз қуырдақ»  т.б ұлттық тамақтарды әзірлеп, келген қонақтарға ұсынды. Астардың әзірленуі мен пайдаларын түсіндірді. Үшінші кезекте шараға қатысушы әжелеріміз қазақтың «баланы бесікке салу» дәстүрін көрсетті. Бесіктің бала денсаулығына пайдалары айтылды. Сондай-ақ, «Қождан ата» мешітінің жанынан құрылған «Зерделі қыз»  бойжеткендер мектебі таныстырылды. Жалпы, өте әсерлі һәм қызықты өткен басқосуда қатысушылар сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38