Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай ауданы «Әкбар қажы Шәкірбай» мешітінде  дін мен дәстүр сабақтастығы аясында Жарасымды жанұя»  атты рухани семинар ұйымдастырылды. Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек,  «Бибісара ана» мешітінің имамы Самат Анарбаев,  «Тасбау Сәлімбай» мешітінің имамы Дансейіт Қалменов, «Әкбар қажы Шәкірбай» мешітінің имамы Сапарғали Абдуқаймов және үлгілі отбасы мүшелері қатысты. Игі шара қасиетті Құран оқумен басталды. Оны Әл-Фараби аудандық мешіттің найб имам Исмаил Панов оқыды. Игі шараны Самат Анарбаев жүргізді. Осыдан кейін алғыс сөзге Мұхамеджан Естеміров шығып, өткізіліп отырған шараның мән-маңызына айрықша тоқталды. Мұнымен қатар,  қатысушы аталарымыз бен аналарымыз тарапынан кезек-кезек ой-пікірлері мен қажетті ақпарттар берілді. Шара соңында үлгілі отбасыларға шаһар бас имамының атынан алғыс хаты мен сыйлықтары табысталды.  Аталмыш шара жаңа жоба ретінде ұйымдастырылып, алдағы уақыта өзге аудандарда өткізу жоспарлануда.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38