Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Тәжібай ата мешітінде биыл қыздарға да дәрістер оқытыла бастады.
Мешіт ұстазы Рыскүл Мамадиярова алғашқы сайысын да өткізіп үлгерді.
Келген шәкірттер діни сауаттарын ашуда өте ықыласты. 
Қысқа уақытта қырық парызын жаттап, мұсылмандық шарттарын үйренді. Осы тақырыпта сайысқа қатысып бақтарын сынады.
Қатысушыларға мешіт тарапынан сыйлықтар беріліп, құттықтау айтылды. 
 
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38