Шымкент қаласы орталық мешіті «Aqmeshit» мешіті «Әйел-қыздар» бөлімінде қысы жазы шәкірттерге діни сауат ашу дәрістері өтуде.
Осы дәрістердің нәтижесінде  Құран әліппесін бітіріп қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді арап тілінде , Құрпн оқу ережесіне сай оқу дәрежесіне жеткен шәкірттерді марапатау үшін тәжі кигізу салтанатын өтеді. Міне бұл ай да мешітімізге келген 20 шәкіртіміз «Құран – көңілімнің көктемі» атты концерттік бағдарламада салтанатты түрде марапатталып, бастарына тәжі кигізілді.
Концертті ұстаздардың ұйымдастыруымнен осы мешіттің тұрақты шәкірттері орындап шықты.
Мешітімізде діни сауат ашумен қоса шығармашылық өнерлерін де қолданып дами алады. Тек Алла алдында құл болуды ғана емес қоғамда әйелдің дамуы мен қоғам үшін үлестерін қосулары үшін де ынталардырылады.
Екі қанатты тең ұстауды бұйырған дініміз – нендей ұлық дін!
 
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38