Шымкент қаласы , Әл -Фараби аудандық «Абдулхамит Қаттани» мешітінің Әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен мешітке келуші шәкірттер арасында “Құран жүрегімнің көктемі„ атты тақырып аясында Құран кәрім, Ислам әдебі, Намазға қатысты сұрақ-жауап жарысы болып өтті. Аталмыш іс – шарада Абдулхамит Қаттани мешітінің наиб имамы Сатыбалдиев Асқарғали келген шәкірттерге Құран оқудың маңызы жайлы уағыз айтып, Шәкірттерге Құран кәрім кітабы сыйға тартылды.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауатымен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» деп айтқанындай, баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі