«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады».
(«Сәбә» сүресі, 39-аят)
Шымкент каласы, Әл фараби ауданы, «А Қаттани» мешіті және Зекет қайрымдылық корының ұйымдастыруымен. Көмекке мұқтаж, көп балалы 4 отбасыға ет және азык түлік таратылады. Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеті. Адамның айналасындағы жандарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғастырып, тұрмысы нашар отбасыларына, жетім-жесірді қолдап көмек көрсетіп, демеу жасаған. Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі