Шымкент қаласы, “Д.А.Қонаев” мешітінде имамның ұйымдастыруымен әйел-қыз шәкірттердің арасында Құран Кәрім әліппесін бітіруге байланысты ежелден бері халқымызға сіңген шәкіртті ынталандыру үшін “тілашар” атты салты бойынша іс-шара ұйымдастырылып оған 30 шақты адам қатысты. Көптеген шәкірттерге тарту-таралғылар ұсынылып соның ішінде 6 шәкіртке Құранға түсуге байланысты тәж кидіріліп, қолдарына Құран Кәрім және бағалы силықтар берілді. Іс-шара барысында қатысушыларға ауызашар дастарханы жайылып, жалпы қатысушыларға Түстікбай Әмина ұстаз көркем уағыз насхат жасады.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі