Шардара қаласы Ж. Жабаев бастауыш мектепте ата – аналармен «Баланың тәрбиесіне ата – анасы жауапты», – атты кездесуге қалалық қоғамдастық төрағасы Қ. Ілесов, «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, мектеп директоры Р. Беркінбаева, аймақтық учаскелік инспектор Б. Әбдіқадыр қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы А. Данияров қазіргі уақытта баланың сана – сезімін улайтын ғаламтордағы түрлі ұрыс – керіс, атыс – шабыс, алдау – арбау, жазықсыз жанды оп – оңай тонай салу секілді бейне көріністер мен автомат ойындары және тағы басқа да алдамшы батыстық желөкпелік желігіне телміре қарау өз алдына тіпті, өмірде соларға еліктейтіндер де бой алдырғандар да баршылык. Бұлардың қай – қайсысы болмасын бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз. Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер», – дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі – әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата – анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан орыс балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.