Түркістан облысы, Кентау қаласында Дзю-до күресінен жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, самбо, қазақ күресінің КСРО спорт шебері, Түркістан облысының құрметті азаматы Оңалбай Жарылқасынның құрметіне V-республикалық турнирі ұйымдастырылды.
Аталмыш турнирге салмақ дәрежесі 50 келіде өнер көрсеткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің шәкірті А.Ерғали палуан қатысып, бас жүлдеге иесі атанды.
Оқу ордасының мақтанышын «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза құттықтап, сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі