ЫҚасиетті Рамазан айы қарсаңында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Әбсаттар Сманов» мешітінде «Рамазан – Құран айы» атты діни сауат ашу (ДСАК) курстары арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.
Жарыс алдында Шымкент қаласы, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, Кәмілжан қары Юлдашев, «Әбсаттар Сманов» мешітінің имамы Берік Шотабеков төрелік етіп, жарысты жүргізді.
Құран жарысы 30-шы пара және жарты пара арасында екі наминатция бойынша өтті.
30-шы парадан қатысқандарға
І-орынға 100 мың теңге
ІІ-орынға 70 мың теңге
ІІІ-орынға 50 мың теңге
Жарты парадан қатысқандарға
І-орынға 70 мың теңге
ІІ-орынға 50 мың теңге
ІІІ-орынға 30 мың теңге
Марапаттау шарасы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының алғыс хаты мен қаржылай сертификаты табыс етілді. Марапат құтты болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38