Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сейткәрім қажы мешітінің наиб имамы Алдияр Жанәділұлы мен Авиценна көпсалалы медициналық колледжінің жастары арасында кездесу өтті. Кездесу мақсаты – жастарға қасиетті Рамазан айы жайында толықтай түсінік қалыптастыру. Жастар тарапынан қандай жағдайларда ораза бұзылмайтындығы және т.с.с. сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, дін саласына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Әсіресе, теріс ағымдарды ұстанып жүрген жастармен жүргізілетін жұмыстар жайында атылып өтті.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38