Шымкент қаласындағы «Шымкент» медресе колледжінде «Елбасы жолдауы – жарқын болашаққа жетелейді» атты семинары өтті.
Семинарда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтар күнгі Қазақстан халқына жолдауына кеңінен түсіндіру жұмыстары қолға алынды.
Семинар барысында оқу ордасының директоры Талғат Әсембай ашып, жүргізіп отырды. Жолдау аясында «Қазақстан 2030» жастарды қолдау қорының өкілі Әбдікерім Өмір, медресенің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анарқұл Сарманов және ұстаз Ержан Құбайберген мырзалар арнайы баяндама оқыды.
Семинар барысында оқу ордасының директоры Талғат Шәйділләұлы мырза шәкіртерге әлеуметтік желідегі тарап жатқан өз-өзіне қол жұмсаудың бұрыс екендігіне және медресе қабырғасында смартфон ұялы телефондарын ұстауға болмайтындығын ескіртті. Шәкірттерге барлық уақыттарын тиімді пайдалануды атап өтті.
Жалпы семинарға 160 шәкірт қатысты.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38