Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қариялар – ел қазынасы» І республикалық ақсақалдар форумы басталды.

Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ ақсақалдар кеңесінің мүшелері Мырзатай Жолдасбеков, Өмірзақ Озғанбаев, Мұрат Жұрынов, Жабал Ерғалиев, Шалатай Мырзахметұлы, Марат Тоқашбаев сынды қоғам қайраткерлері мен республиканың түкпір-түкпірінен белсенді ақсақалдар мен облыс бас имамдары қатысуда.

Жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталса, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасап, арнайы дайындалған бейнеролик ақсақалдар назарына ұсынылды.

Форумның мақсаты – қазақ тарихындағы қариялардың рөліне тоқталып, қазіргі қоғамдағы ақсақалдың рөлін айқындай отырып, тәрбиенің тірегіне баланған аталар мектебін қалыптастыру.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38