IMG 485

IMG 485

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек жергілікті жамағат пен тұрғындарының діни мәселедегі жеке сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды.
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара барысында өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек тұрғындардың діни сұрақтарына тұщымды жауап беріп отырды.
Жалпы, тұрғындар тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтардың дені мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарын күшейту, түрлі ағымдардың алдын алу бойынша, жастардың тәрбиесі, телеарналарда имандылық бағдарламалардың санын арттыру, ораза тұту кестесін бір ізділікке түсіру, т.б. мәселелер төңірегінде өрбіді.
Осы шара бүгін Қаратау, Әл-Фараби, Абай және Еңбекші аудандарында болып өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

IMG 482

IMG 483

IMG 485

IMG 486

IMG 487

IMG 488

IMG 489

IMG 490

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38