ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйырығымен Шымкент қаласы, Абай ауданы «Әділ Омар» мешітіне жаңа имам қызметке тағайындалды.
Атап айтқанда, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың ұсынымен Шымкент қаласы, Абай ауданы «Әділ Омар» мешітіне бас имам болып тәжірибелі маман, Берік Дариев тағайындалды.
Ресми таныстыру жұмысына Абай ауданының бас имамы Бердалы Жәміш қатысып, мешіт ұжымына мен жамағатына таныстырды.
Жаңадан тағайындалған әріптестерімізге қызметте табыс, абырой һәм жетістіктер тілейміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі