Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісі басталды.

ҚМДБ басшылық құрамы мен Діни басқарма қызметкерлері, сондай-ақ облыс бас имамдары және медресе-колледж директорларының қатысуымен өтіп жатқан жиын Құран аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел тыныштығы үшін дұға жасады.

Кеңейтілген Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылына арналған бағдарлық баяндамасын жасаса, бөлім басшылары жылдық жоспарларын назарға ұсынбақ.

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38