Сарыағаш аудан Келес өңірі Ошақты ауылындағы №107 Абай атындағы орта мектептің думан залында «Ергеш» мешітінің молдасы Керімбай Дінмухаммедтің ұйымдастыруымен «Адамзаттың ең асылы» атты мәуліт кеші болып өтті. Мәуліт кешіне Сарыағаш аудан имамы Қалдаров Берік, Мақтарал аудан имамы Сыздықов Бегзат, Шардара аудан имамы Данияров Асылхандар қатысып Пайғамбар (с.ғ.у) өмірінен уағыз-насихат жасады. Келес халқ театр өнерпаздары «Өмір айнасы» атты қойылыммен өнегелі терме жырлармен жиналған жамағатты тәнтті етті.
Сарыағаш орталық мешітінің баспасөз қызметі