Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде қасиетті Мекке және Мәдина қалаларына Ұмра қажылық сапарға ниет етушілерге арналған қысқа мерзімді «Ұмра Қажылық тағылымы» атты курс жұмысы онлайн және офлайн түрінде ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған курс барысында қажылық һәм Ұмра саласына жауапты Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров пен «Тауаф» қажылық компаниясының Шымкент қаласы бойынша өкілі Азамат Әбдікерімұлы және ұстаз Ақтөре Тұрапбай ҚМДБ-ның талабына сәйкес түсіндіріп, дәріс оқыды. Сондай-ақ, ұмра қажылыққа ниет етушілерге Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәт сапар сәлемі жеткізілді.
Мақсат – қажылыққа ниет етушілерге толық ақпарат беріп, құлшылық амалдарын сауатты әрі дұрыс орындауына жағдай жасау болып саналады.
Айта кетсек, Шымкент орталық мешітінде өткен жылы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Қажылық және ішкі туризм оқу орталығы» ашылған болатын. Енді осы орталық арқылы ұмра қажыжылыққа ниет етуші азаматтарға дәрістер ұйымдастырылатын болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі