Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі күні Шымкент орталық мешітіне қарасты қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен және қаладағы өзге діни конфессия өкілдерімен бірлескен «Тайқазан» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарға әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі таңдалып, онда жатқан үйсіз-күйсіз жүрген азаматтарға мерекелік қуаныш сыйлау мақсатын жасалды.
Мерекелік шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, Шымкент қаласы, найб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері қатысты.
Жалпы, шара барысында қажетті заттар мен бірге азық-түлік өнімдері жеткізіп берлді. Діни басқарма өкілдеріне ризалышығын білдірген аталмыш мекеме басшысы: «Бұл жерде үйсіз-күйсіз жүрген 100-ден астам азамат жатады, оларға бір жыл бойы тиісті қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде өз-өзіне келгенше медициналық, тәлім-тәлімдік, психологиялық т.б, көмектер жан-жақты көрсетіледі», – деді Мұхит Нышамбаев.
Айта кету керек, Шымкент қаласы Дін істер басқармасымен бірлескен жоспар түзіліп, осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі