Бүгін,  Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ел кәсіпкерлеріне, сауда орындарындағы «Қара жұма» акциясы атауын «Жомарт жұма» деп өзгерту туралы үндеуіне қолдау шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастамасымен Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек пен аудандық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Ержігіт Мамытұлының қолдауымен аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде 30 отбасыға азық-түлік салынған себет үлестірілді.

Жалпы, бір отбасыға берілген себетте он бес мың теңгені құрайтын ұн, май, макарон, шәй,  т.б.  азық-түлік өнімдері салынған.

Бұл шара Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан қажы Керімбектің айтуынша,  алдағы күндерде жалғасын табатын болады.

Қайырымды һәм берекелі жұма күндеріміз көп болғай!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі  

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38