Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Сәуле» мешітінде әр аптаға бір іс шара аясында 300 кісіге ас берілді. «Ихсан ілімі» туралы уағыз насихат айтылды. Жамағатқа бірлікте болуға, еліміздің болашағы үшін қызмет етуге, мейірімді, жоқ-жетік кісілерге қамқор, жомарт болуға шақырылды. Мешіттің жан ашыр ақсақалы, Шарафуддин ақсақалға «Ихсан рухани тәрбие» кітабы хадия етіліп, құрмет көрсетілді.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі