Шымкент қаласы Абай ауданы Қождан ата Жиеней мешітінде қыз-келіншектерге адал астың маңыздылығы жайлы уағыз-насихат айтылды. Іс-шараның жалғасы тек халал өнімдермен тәтті дайындап үйренетін мастер классқа ұласты. Онда арнайы кондитер келіп, қыз-келіншектерге тәттілерді нақты қандай халал өнімдермен әзірлеуге болатынын үйретті. Шара соңында қатысушы қыз-келіншектер сыйлыққа халал өнімдердің тізімі жазылған чек-парақша таратылды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі