Шымкент қаласының орталық мешітінде әйел балаларына семинар өтті. Семинар практика түрінде көрсетіліп өтті. Мәйітті шариғатқа сай дәрет-ғұсылын алуды, мәйітке жасалатын қарым-қатынасты, кебінді дайындау, мәйітті дұрыс кебіндеу және тағы басқа әрекеттер үйретілді. Семинар соңында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы және осы сабаққа қатысқандығын растайтын сертификат табысталды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі