«Шейх Мұхаммед Садық» мешітінде «ӘЛЕМДЕРГЕ РАХЫМ ҮШІН ЖІБЕРІЛГЕН МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР»(صلى الله عليه وسلم) атты мәуліт кеші өтті. Рухани кеште имамдар мен қарилар мәуліт жырын оқыды. Ардақты пайғамбарымыздың с.а.с. ғибратқа толы ғұмыры жайлы мол мағлұмат айтылды. Сонымен қатар мешіт жамағаты арасында ғылыми-танымдық сұрақ-жауап түрінде білім сайысы ұйымдастырылып, қатысқан жамағатқа ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38