Алла елшісінің ардақты есімі аталғанда жүрегі селт етпейтін, көңілі толқымайтын мұсылман баласы жоқ шығар бәлкім. Әлемге тек рахым етіп жіберілген, адамзаттың игі өмірі үшін жаралған асыл есім иесі барша жанның жүрегінің төрінде. Тек адам баласы емес, бүкіл жанды-жансыз жаратылыстың өзі Оның есімін зікір етіп, ұлықтайды. Қасиетті мәуліт айына арнайы Шымкент қаласы, «Ислам нұры» мешітінде ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салуат айтылып, мәуләт оқылды.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38