Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) асығуды жаратпайтын. Жолай кездескен үлкенге де, кішіге де сәлем беретін. Мұның даналығы да ұшан-теңіз еді. Бірде сахабаларына қарап:
–Сендер қандай амал істегенде өзара сүйіспеншіліктерің арта түсетінін айтайын ба? – дейді.
–Айтыңыз, айтыңыз – дейді ілім үйренуден танбаған сахабалар ұмтылып.
–Араларыңда сәлемді көбірек таратыңдар, сонда ғана өзара сыйластықтарың артады – дейді сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Осылайша, сәлемдесу арқылы кішіпейілділік, ізеттілік, сыйластық, сүйіспеншілік секілді абзал қасиеттер орнығып, тәкаппарлық, менмендік сияқты жағымсыз қасиеттерден арылуға болатынын нұсқайды.
Шымкент қаласы орталық мешіті