С: Мекке Мукаррамға бірінше немесе екінші лектен кейін келсе не істеуі керек?

Ж: Жәмраттардан кейін қажылық рәсімдерінен қоштасу ғана қалады. Мұны садр тауабы деп атайды. Бұл тауапты жасау алыстан келгендер үшін уәжіп. Меккеге оралғанда қоштасу тауабын жасап, еліне қайта беруіне болады. Егер басқадай істермен Меккеде қалғысы келсе қалады.

С: Минадан келе салып тауап қыла ма, әлде Меккеден шығардан бұрын жасаса бола ма?

Ж: Парыз тауап – Зиярат тауабын жасаған соң артық бір тауап жасаған болса сонысы қоштасу тауабының орнына жүреді. Алайда, қоштасу тауабын еліне қайтардан бұрын жасау үшін кешіктіру мұстахаб іс.

С: Қоштасу тауабында рәмл – тездетіп жүру мен итыбағ рәсімдері бар ма?

Ж: Бұл амалдар жасалмайды. Өйткені тауаптан кейін Сафа мен Маруаға бармайды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38