Шымкент қаласы Қаратау ауданының орталық мешіті «Байғұт-баба» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен мешітке келуші әжелерді қолдап, қарттар күнінің құрметіне мешіт шәкірттері әжелердің арасында достық сайысы өтті. Бұл сайыста қадірлі әжелер Нәбә сүресін мәнерлеп оқу бойынша жарысты. Нәтижеде «Ең көркем қырағат», «Ең көркем тәжуит», «Ең әдемі махраж» номинациялары бойынша барлық әже марапатталды.
Осындай көңілге жағымды, өнегелі іс-шара ұйымдастырған осы мешіт ұстазы Гүлжан Нұрланқызына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі