Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті аппарат жиналысын өткізген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Кенжеәлі Мырзабаевтың наиб мүфти қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.
«Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Қалқаман-2» мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.
«Кенжеәлі Қоңыратбайұлының діни салада тәжірибесі мол. Өзіне жүктелген қызметтік міндетті толық орындайды деп сенемін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.