«Қарттар күні» мерекелік шара аясында, Шымкент қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы университетіне қарасты техинкалық колледжінде «Дін және Жастар» атты рухани шара ұйымдастырды.
Босқосуға Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық мешіттің найб имамы әрі Жастар ісі секторына жауапты Ержігіт қажы Досымбаев арнайы қатысып, студенттермен кездесті.
Әсерлі босқосу аясында ата-ананы құрметтеу, жастар тәрбиесі, жат ағымдардан сақтану жолдары және дін мен дәстүр һәм Ихсан іллімі бағыттары бойынша тақырыптар қозғалды.
Айта кетсек, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы мен қалалық Дін істері басқармасы тарапынан қолға алынған шара қаладағы барлық оқу орындарында жалғасатын болып шешілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі