ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» ЖШС-нің жұмысын үйлестіру негізінде Шымкент шаһары бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан мазараттар мен зират орындарын аялап, күтіп-баптау бойынша «Зират және зиярат ету мәдениеті» атты тазалық шарасы өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы бастаған Шымкент қалалық әкімдіктің, қалалық дін істері басқармасы мен қалалық ішкі саясат басқармасына қарасты ерікті жастар тобы және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттердің имамдары мен жамағаты қатысты.
Айта кетсек, шаһар аумағында 36 мұсылман зираттары бар. Ұйымдастырылған шара аясында барлық мазараттарда тазалық жүргізілді.
Игі шара барысында ҚМДБ тарапынан қабылданған «Зират және зиярат ету мәдениеті» құжаты насихатталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі