Бүгін,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі әлемге дүрбелең салған індеттен тез арада құтылу үшін «Дұғамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» атты жалпы жамағатпен дұға ету шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара жария етілген күннен бастап қаладағы барлық мешіт имамдары мен қалалық «Әйел-қыздар» секторының ұстаздары  134 рет қасиетті Құран Кәрімді толық оқып, хатым етті. Оқылған Құран індетке шалдыққан науқастардың дертіне шипа, барша мармқұм болған  мұсылмандардың рухы шат болсын деп жасалды.

Игі шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, найб имам Қазыбек сарыбаев,  қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы, Абай аудан бас имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек,  Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров  т,б, мешіт имамдары қатысып, бір мезетте, бір уақытта дұға етілді.   

Алла Тағала баршамыздың дұғамызды қабыл етсін, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38