Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен  Қаратау ауданы , «Байғұт баба мешіті»  Құрбан айт қарсаңында , арнайы ақ жаулықты әжелерге арналған «Ырысы мол – Құрбан айт» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Мерекелік іс-шарада Құрбан айттың артықшылығы туралы-  ҚМДБ, Шымкент қаласы, Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Асылханқызы егжей-тегжейлі мағлұмат берді. Сондай-ақ , апаларға арналған салт-дәстүрді жаңғыртуға бағытталған ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.
Ақ жаулықты әжелеріміздің қоғамдағы орны мен олардың құндылығы туралы «Саяси қуғын-сүргін мешітінің» ұстазы Рано Омарқызы баяндап, әжелеріміздің мәртебесін көтеріп, көңілдеріне қуаныш ұялатты.
Кеш барысында » Байғұт баба»  мешітінің жанынан «Әжелер мектебі» құрылып, сол мектептің ашылуын жасап, аталмыш мешіттің ұстазы Гүлжан Нұрланқызы мектептің құрылу мақсатын айтып, мүшелерімен таныстырды. 
Мерекелік кешке келген әжелер өз баталарын беріп, дән риза болып, алғыстарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен қайтты.
Кешті рухани-тәрбиелі етіп ұйымдастырған Байғұт-баба мешітінің ұстазы Гүлжан Нұрланқызына үлкен алғысымызды білдіреміз

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38