Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе колледжінде 2020-2021 оқу жылғы бітіруші түлектерге  «Жолың болсын жас түлек» атты диплом табыстау шарасы ұйымдастырылды.

Түлектердің оқу жылын бітіру шарасы қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Алғашқы сөз тізгінін алған ҚМДБ Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің  және  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың құттықтау сәлемін жеткізіп,  медресе ұстзадары мен ұжымына және жас түлек шәкірттерге батасын беріп, ақ жол тіледі.

Осыдан кейін,  «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза сөз алып, медресе-колледж қабырғасынан түлеп ұшқан түлектерге ағалық һәм ұстаздық кеңесін айтып, қызметте жеміс пен сәттілік тіледі.

Айта кетсек, «Шымкент» медресе колледжінен 2020-2021 оқу жылында 137 шәкірт бітірді. Оның ішінде 19-ы қызыл диплом иегері атанды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38