Бүгін Шымкенттегі медресе колледжі жанынан «Білім және аударма» орталығы жұмысын бастады. Жаңа орталықтың тынысымен танысу мақсатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы бас сұқты.
«Halifa Al-Nahaian Aqmeshit» мешітінің наиб имамы Мұхамеджан Естеміров орталықтың жұмыс жоспарын таныстырып, алдағы уақытта аударатын кітаптардың жалпы нобайын ұсынды.
Өз кезегінде Бас мүфти мұндай аударма орталықтарының маңызды екенін атап өтті. «Оқуға ыңғайлы шағын кітаптарды аудару керек. Алдымен жоспар құрып алу қажет. Діни басқармамен ақылдасып, оқырманның тілегін ескеріп, қажетті кітаптарды аударуға тиіспіз. Екі тілді қатар дамыту жағын қолға алу керек. Қоғам қазір кітапқа, сапалы шығармаға мұқтаж. Сондықтан осындай заманның сұранысына сай дүниелерге мән беруге шақырамын» деді ҚМДБ Төрағасы.
Айта кетейік, орталықта бүгінде 13 аудармашы бар.