Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен. Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.
Шымкент қаласы, Абай ауданы «Сабыржан ата» мешіті 200 адамға ауыз ашар себетін таратты. Мұрындық болған барша жандарға мол сауаптан жазылсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі