Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен. Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.
Шымкент қаласы, Абай ауданы, ҚМДБ ға қарасты «Әкбар қажы Шәкірбай» мешітінің ұйымдастырумен қасиетті рамазан айында 135 кісіге ауыз ашар себеті және 25 жағдайы төмен отбасына азық түлік берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі