Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен. Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.
Шымкент қаласы, «Сайрам» мешіті қасиетті Рамазан айында жағдай төмен 10 отбасыға азық-түліктей 90.000 тг құрайтын қайырымдылық жасады. «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі