Шымкент қаласының найб имамы М. Ақтамберді Шымкент қаласы, «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінде «Айғақ» теле арнасына қасиетті Қадыр түні туралы уағыз-насихат жүргізді. «Бұл түні періштелер түсіп, жер бетінде береке орнайды, Алланың кешірімі нәсіп болады. Періштелердің жер бетіне түсуі қадір түнінің маңыздылығын білдіреді. Сол түні періштелердің көп болатыны мына хадисте білдірілген: «Қадір түні рамазан айының жиырма жетінші немесе жиырма тоғызыншы түніне сай келеді. Бұл түні жерге түсетін періштелердің саны жер бетіндегі майда тастардан да көп болады».
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі