Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Сейіткәрім қажы» мешітінде Қасиетті Рамазан айында демеуші арқылы жағдайы төмен 50 отбасыға азық түлік берілді.
Барша адамзат бір Адам атадан тарағаны белгілі. Осы тұрғыда ислам дінінде де мұсылманның мұсылманға бауыр, деген қағидасы бекер емес. Адамның шығу тегі бір болғандықтан олардың арасында өзара жақсылық жасаулары да адами үйлесімділікті айғақтай түседі. Кез келген игі істерді жүзеге асыру адамдар арасында ұйымшылдық, бауырмашылдық, жылулық, сенімділікті туындататыны анық. Сондық тан да әр адам қайырымдылық жылуын шашатын болса екі дүниенің бақытына кенеледі.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі