IMG 159

IMG 159

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында қала, аудан имамдарымен 2017 жылдың алғашқы кеңейтілген мәжілісі болып өтті.
Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды.

 

Мешіттердегі ішкі тәртіп Ережесі түсіндірілді

Мәжіліс барысында 2017 жылдың негізгі іс шаралар жоспары талқыланды. Мұнымен қатар, Ғұламалар кеңесінің XIV мәжілісінде бекітілген «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігі мешіттерінің ішкі тәртіп Ережесі кеңінен түсіндіріліп, таныстырылды.
Сондай-ақ, мәжілісте бірқатар тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, алдағы жылы кереғар ағымдардың алдын-алу шаралары, жастар ісі және халал ісі, Зекет қорының жұмыстарын күшейту, ЖАНТ жұмыстары, діни сауат ашу курстарының жұмыстары және т.б. өзгеде мәселелер төңірегінде тапсырмалар алды.

 

«Біз Құранды білеміз бе?» атты кітабы таныстырылды

Тағы бір жаңалық, кезінде өкіл имамның орынбасары қызметін атқарған, бүгінде облыстық дін істер басқармасына қарасты діни зерттеу орталығының директоры орынбасары, дінтанушы Асылбек Төлегеновтың «Біз Құранды білеміз бе?» атты кітабының таныстырылымы болып өтті. Кітап мазмұны төңірегінде найб имам Мұхамеджан Естеміров арнайы баяндама оқыды. Кітапта қырықтан астап тақырыптар енгізілген. Әр бір тақырыпты бүгінгі ғылыммен ұштастыра білген. Бұл кітапта жарық көрген материалдар осыған дейін дискі түрінде жарыққа шыққан болатын. Кітаптың оқырманы көп болып, құтты болсын!

 

Діндарлар марапатталды

Биылғы жылы өкіл имамымыздан бастап бірқатар имамдарамыз мемлекет тарапынан арнайы төс белгілермен награтталды. Мұның өзі діндарларымыздың қоғам алдындағы беделінің артып отырғандығының дәлелі. Осы дәстүрді жалғастырып, шара соңында асыл дініміздің жолында аянбай қызмет етіп жүрген діндарларамызға Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай өкілдік тарапынан алғыс хаты табыс етілді.
Және барлық қатысушыларға «Гауһар ана» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 154

IMG 155

IMG 156

IMG 157

IMG 158

IMG 159

IMG 160

IMG 161

IMG 162

IMG 163

IMG 164

IMG 165

IMG 166

IMG 167

IMG 168

IMG 169

IMG 170

IMG 171

IMG 172

IMG 173

IMG 174

IMG 175

IMG 176

IMG 177

IMG 178

IMG 179

IMG 180

IMG 182

IMG 183

IMG 184

IMG 185

IMG 186

IMG 187

IMG 188

IMG 190

IMG 191

IMG 194

IMG 195

IMG 196

IMG 192

IMG 193

IMG 202

IMG 200

IMG 201

 

IMG 203

IMG 197

IMG 198

IMG 199

IMG 204

IMG 205

IMG 206

IMG 207

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38