ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі Сарыағаш ауданы, «Сарыағаш орталық» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мәуліт мерекесі өтті.
Мешіт ұстаздарының ұйытқы болуымен өткен бұл іс-шараға аудан имамы Б. Қалдаров қатысып, жиналған ақжаулықты әжелер мен әпке-қарындастарды құттықтап, мәуліт шәріптің маңыздылығын түсіндірді.
Рухани іс-шараға Дарбаза елді-мекенінен арнайы келген «Ақ тілек» әжелер тобы «Сыйынарым бір Алла» атты діни жыр оқып, ғибраты мол сахналық көрініс қойып берді. Мәуліт соңында қатысқандарға сыйлықтар таратылып, мерекелік дастархан жайылды.

ҚМДБ ОҚО бойынша баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38