С: Түйе мен сиырдың төлдері туралы Әбу Ханифаның пікірі қалай?
Ж: Әбу Ханифа мен Мұхаммедтің пікірінше бота, бұзау мен қозы-лақтан ештеңе берілмейді. Ал, Әбу Юсуф саны көп болса төлдерден біреуі зекетке беріледі деген.
С: Зекет жинаушы зекет алуға барғанда малдың арасынан зекетке лайықты жастағылары болмаса не істейді?
Ж: Жасырағын алып, үстеме баға қостырады немесе үлкенірегін алып, артық бағасын қайтарады.
С: Зекет жинаушы зекетке малдың ең жақсыларын ала ма, әлде нашарларын ала ма?
Ж: Бұл екі түрін де алмайды. Орташаларын алады.
Ескерту:Түйеден еркектерін, мысалы, екі жасар бураны зекетке алмайды. Тек ұрғашы түйелердің орнына бағалап беруге болады. Ал, сиыр мен қой-ешкіден еркегін де, ұрғашысын да алуға болады.
С: Малдың зекет берілетін мөлшері қалып, артығы жұтқа ұшыраса, зекеті толық беріле ме, әлде жұтқа ұшырағанның есебінен кемітіп беріле ме?
Ж: Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтің пікірінше зекет негізінде зекет алатын мөлшерден (нисабтан) ғана алынады, артығынан алынбайды. Артығы жойылса да мөлшері парызға жетсе зекет беру парыз болады. Ал, Мұхаммед пен Зуфар жұт болғаны үшін зекет беру мойнынан түседі деген.
С: Дәлірек айтқанда қалай?
Ж: Оған бір мысалы келтірейік. Бір адамның қолында бір жыл тоғыз түйе болды делік. Сонан соң оның төртеуі жұттан т.б. апаттардан шығын болды. Сонда оның қолында бес түйе қалды. Бес түйе нисабқа жетеді. Ереже бойынша бес түйеден аспаса бір қой зекетке берілуі тиіс. Мұнда жойылғаны зекет мөлшерінен асқан артық мал үкімінде болады. Сөйтіп қалғанының зекеті шығарылады. Бұл Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтің пікірі. Ал, Мұхаммед пен Зуфардың пікірі бойынша қалғанынан тоғыздан бес мөлшердегі зекет шығарылуы тиіс. Бұл екі ғұлама бір қойды тоғыз түйеге деп есептейді. Өлген төрт түйені барлық малдың есебіне жатқызды. Сөйтіп, жойылғанның есебінен парызды бәрінен түсіреді.
Екінші мысал: бір адамда сексен қой болды. Бір жыл өткен соң қойы жұтқа ұшырады. Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың пікірінше қалғанынан зекетке бір қой берілу керек. Ал, Мұхаммад пен Зуфарды зекет мөлшері жарты қой, сондықтан зекет берілмейді. Егер сексен қойдың алпысы қырылса мұндағы зекет мөлшері Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфта жарты қой, Мұхаммед пен Зуфарда қойдың төрттен бірі. Зекет мөлшерінде мұндай мөлшерлер белгіленбегендіктен зекет парйз болмайды.