ҚМДБ-ға қарасты   «Шымкент медресе» колледжінің  бітіруші шәкірттермен  «Рухани тәрбие –  Ихсан ілімі» тақырыбы аясында кездесу ұйымдастырылды.

Игі шара Шымкент қаласының бас имам орынбары Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев, «Шымкент медресе» колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анарқұл Сарманов т.б. ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Басқосу шарасында найб имамы Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен қолға алынған рухани тәрбие –  Ихсан ілімі тақырыбы аясында кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ, медресе кітапханасына «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі» және «Рамазан энциклопедиясы» кітаптары табыс етілді.

Осыдан кейін, қалалық  «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев шәкірттерге халал өнімдері туралы кеңінен түсіндірді.

Айта кетсек,  кездесу аясында  «Шымкент медресе» колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай алдағы уақттарда шәкірттерге халал өнімдері туралы барлық шәкірттерге түсінідіру жұмыстары өткізілетіндігіг хабар етті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38