IMG 121

IMG 121

Шардара қаласы Әбу Мансур әл – Матуриди мешітінде адамзаттың асылы тұлғасы, өнегелі өмірімен ғибратты із қалдырған, екі дүние сардары, бүкіл әлем құрметіне жаратылған пайғамбарымыз – Мұхаммед (с.а.с) туған күні – «Мәуліт» мерекесі атап өтілді. Мәуліт мерекесіне арналған жиынды аталмыш мешіттің ұстазы Ернар Омирбеков қасиетті Қүран Кәріммен ашты. Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров мерекеге жиналған барша мешіт жамағатын қасиетті «Мәуліт» мерекесімен құттықтап, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) ғибратқа толы өмірі жайлы уағыз айтып, халықты ұлық мерекемен құттықтап, бүгінгі таңда ҚМДБ – ның басшылығымен мәулітті Ислам әлеміндегідей мерекелеу бізде де дәстүрге айналып келеді. Мұсылмандар бір істі жақсы деп санаса, ол іс Алланың алдында да жақсы. Себебі хадис – шарифте (с.а.с) «Мұсылмандар жақсы көрген іс, Алла Тағала алдында да жақсы болады», – деген. Ал мәулітке қатысудың сауабы жөнінде Жүнайд Бағди (р.а) «Кімде кім Пайғамбарымыздың (с.а.с) мәулітіне қатысып, оны ұлықтаса, ол шынында да иманды», – деген. Хасан әл – Басри (р.а) «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың (с.а.с) мәулітін оқытуға жұмсаған болар едім», – делінген деп мәуліт мерекесін ашып берді.
Жиналған жамағатқа Шәдетхан ақсақал жүректен шыққан қариялық ақ батасын берсе, келесі құттықтау сөзін алған Шардара ауданы бойынша қажылар қауымдастығының төрағасы Д. Узденбаев, Аль – Фаттаһ мешітінің бас имамы С. Шинибеков, Шардара мешітінің бас имамы С. Абдрамановта уағыз айтып, жамағатты қасиетті мәуліт айымен құттықтап ұйымдастырушы алқаға өз ризашылықтарын білдірді. Елімізде дәстүрге айналып келе жатқан Мәуліт мерекесі қалың көпшіліктің имандылыққа бұрынғыдан бетер ерекше бет бұра бастағандығын аңғартты. Жамағат арасында сауал – жауаптар ұйымдастырылып, жауап берген жастарға сый – сияпаттар үлестірілді. Игі іс – шарада Әбу Мансур әл – Матуриди мешітінің бас имамы Н. Шәдетхан, найб имам М. Кузенбаев, ұстаз Е. Омирбеков пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтып мәуліт оқып, хатым Құран бағыштады.

«Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 121

IMG 122

IMG 123

IMG 124

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38