Өткен жылы әлемді дүрліктірген індеттің ізі әлі де әлекке түсіріп әлек. Осының салдарынан қаншама отбасы жанашыр жандарынан айырылып, әлеуметтік тұрғыдан да үлкен соққысын жеді. Осындай қиын-қыстау кезеңде қолындағысымен бөлісіп, айналасындағы жылу сыйлау әрбір мұсылманның басты міндеті. Осыған орай үстіміздегі жылдың 08 наурыз күні Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты Тәжібай ата мешітінің имамы Серікбаев Еркебұланның ұйымдастыруымен 15 отбасыға азық-түлік таратылды. Мереке күніне орайластырып жасалған қайырымдылық шарада көпбалалы аналар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен жетімдер үйіндегі балалар да қамтылды. Қайырымдылық жасалған жандар алғыстарын білдіріп, мұндай ігі шараларға ұйытқы болғандардың отбасыларына бақыт пен бірлік, еңбектеріне береке тіледі.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті баспасөз қызметі