Жуырда ҚМДБ-ның Шымкент қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бастамасымен Абай ауданы бойынша мешіт имамдарына «Ықтияттылық және күмәнді нәрселерден сақтану» атты семинар ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына Шымкент қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев қатысып, дәріс оқыды.
Жалпы, семинар барысында халал өнімдерін насихаттау, халал сертификатын алу, бақылау және мал сою, қасапшылық мәселелері төңірегінде кеңінен атап өтті.
Сондай-ақ, Шымкент қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі: «Халал өнімдерін насихаттау бағытындағы жұмыстар өзгеде аудандарда жүргізілетін болады», – деді Қ.Сарыбаев.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі