Шымкент қаласы Абай ауданының бас имамы Жәміш Бердалының бастамасымен, Абай ауданы зекет қайырымдылық қоры өкілі Садиев Әлжан имамның ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы забадам елді мекенінде орналасқан «Қарттар» үйіне зиярат жасадық. Тағдыр тауқыметіне түскен аналарға құрмет көрсетіліп, 8 наурыз әйелдер мерекесімен құтықтап, гүл шоқтарын беріп,аналарға орамал тарту етілді. Және осы мекемеге 25 қорап азық түлік пен тәттілер берілді. Аналар ризалығын білдіріп, баталары мен алғыстарын айтып жатты.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі